Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.08.2022
133

Рас шығар...
Рас шығар,
Халық айтса, қалт айтпайды –
Талас деген адамды марқайтпайды.
Сонда дағы кей кезде шындық үшін
Айтыспасаң, жаның еш жай таппайды.
Кейде біреу шындықтан алабөтен –
Қас сұлуды
Десе бұл жаман екен.
Қалай ғана мен оған бір сөз айтпай,
Жайбарақат жанынан қарап өтем.
Қалың елі мақтаған қас батырды
Бір есерсоқ даттады,
Бас қатырды,
Не болады ол жерде айтыспасам,
Жоғалтам деп «сабырлы, жақсы атымды».
Күю бөлек қашанда,
Тоңу бөлек –
Жақсы шығар шыдамды болу да керек.
Талғам үшін кей-кейде талас емес,
Қажет болса,
Соғысып өлу керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇