file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  118


Автор: Есләм Зікібаев

Болмаспын қаһарман да, қайраткер де

Болмаспын қаһарман да, қайраткер де,
Алтын да тұғыр емес айбатты ерге.
Бойда барым жетеді бір басыма,
Көтеріліп келемін жайлап төрге.
Таң атарын білемін, күн батарын,
Қиян кезіп қиялмен түн қатамын.
Бір күнгі саулығыңа жетпейді екен,
Жисаң да дүниенің күллі атағын.
Кей «мықты» көрген күні, сірə, ғаріп,
Көңілге көп ойлардың тұнары анық.
Құдайының қимаған атақ-даңқын
Қай биікке шығады сұрап алып.
Өкінем, тірлігіме неге опынам,
Жырларым бар жағалай ел оқыған.
Кей-кейде төрдей биік көрінеді
Берекелі босағам деп отырам.
Көз салып бұрынғыма, кешегіме,
Өткеннің ой жүгіртсем есебіне,
Жақсы, жаман... көргенім артта қалып,
Келіп қаппын алпыстың бесеуіне.
Ауырсам, жанға дауа, азығым – əн,
Қасқыр боп көрінбедім азуы қан.
Алда қанша жолым бар жүретұғын,
Бəрі, бəрі... Алланың жазуынан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу