file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  136


Автор: Есләм Зікібаев

НЕ ЕТСЕМ ЕКЕН

Не етсем екен,
У-шудан қайда қашып кетсем екен?
Бірақ қайдан табамын жансаяны,
Тыныш ұйықтаймын қай жерді етсем мекен?
Шанышқақ тиген өгіздей тулайды жер,
Көз ілінсе, азынап шулайды жел.
Адам қайтіп ерлікке бас тігеді,
Мұқалып жатқан кезде тумай жігер.
Тыныштықты іздеп кетер ем,
Қайда барам?
Бермегенін Тəңірдің қайдан алам?
Бірін бірі мүжіген қайран адам –
Таппай қойдым жұмақ жер айналадан.
Қайда да – у-шу егесіп, ерегіскен...
Жегі құрттай бір-бірін жеген іштен.
Зоры қор боп, көрінер қоры зор боп,
Аласарып барады өр еңістен.
Тағдыр жазса, кім оған ара тұрмақ,
Əке сыйлап, болмаса аға тыңдап...
жатқан жасты көрмедім, содан шығар –
Жанбай қойды жарқырап жанатын бақ.
Жел аударып қаңбағын қудалаған
Бақ іздейміз бағызы қу даладан.
Маймыл болып қайтадан кетпесе екен,
Маймыл болып ту баста туған адам.
Жаным – жайлау,
Көңілім ақ жармадан,
Қайтіп ғұмыр кешеді тақ жанды адам.
Мына өмірден көшеді талай бейбақ
Көкірегі кен қалпында бақ жанбаған.
Сиқыр əлем сусыған сағымдардай,
Үнсіз қалам көп жерде жағым жармай.
Еңбегім – еш, тұзым – сор... талай жерде –
Сынап келем сынаудай бағымды, Алла-ай!
Не етсем екен, япырай, не етсем екен,
Қайда қашып у-шудан кетсем екен?
Бірақ қайдан табамын ЖЕРҰЙЫҚТЫ,
Тыныш ұйықтаймын қай жерді етсем мекен?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу