file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  122


Автор: Есләм Зікібаев

Өлең – менің аларым, берерім де

Өлең – менің аларым, берерім де,
Өлең – менің биігім, тереңім де.
Ата-анамның қанымен қанға сіңген
Дүниеге шыр етіп келерімде.
Содан бері кеудемде жыршы бұлақ
Сылаң қағып ағады,
Түрші құлақ!
Жер тынысын тыңдаймын,
Жел тынысын...
Елу деген белеске бір шығып ап.
Тартқан ерек тағдырдың сыйы маған –
Бəрін естіп,
Кеудеме құйып алам.
Жырға зерлеп шегемін кестеменен
Тіршіліктің күмбірлі күйін əман.
Мен сөнбеймін тұрғанда төбемде Күн,
Жамыраған жырларым – көгендерім.
Бақытым да,
Сорым да маңдайдағы,
Қуанышым,
Қайғым да Өлең менің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу