file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  240


Автор: Есләм Зікібаев

Бір ауылдың əу баста түлегі едік –

Бір ауылдың əу баста түлегі едік –
егін ексек, тал ексек, бір егелік...
дейтұғындай арманы, мақсаты бір,
Бірақ бəрі бөлінді жүре келіп.
Тумысында шап-шағын ауыл еді,
Тарқамайтын əр күні сауық еді.
Қазір бəрі қаңырап бос қалғандай,
жабырқаған, табылар ауыр емі.
Бағы тайып, дəурені озғаны ма,
Қолы қысқа, жетпейді созғанына.
Қараша ұрмай, қар жаумай тозғаны ма?!
Тітіреніп кеткендей тұла бойым,
Көкірегімнің қиялын қозғады ма?
Жат бауырдай жатырқап қайран ауыл,
Жат біреудей қарсы алды-ау қаймана бір.
Алып-ұшып алдымнан жүгіретін
қайда жеңге, қайда аға, қайда бауыр?..
Тағзым еткен үлкенге түрегеліп –
тас емшекті жібіткен түлек едік.
Тас бауыр боп біз дағы кеттік пе екен,
Қиял қуып, шет жайлап жүре беріп?!
Армандап ең аңсап кеп құярымда,
Құшағыңа оралсам, сиямын ба?!
Көз ұшында бұлбұл боп бұлдырайсың
Алыс қалған армандай қиялымда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу