Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.08.2022
137

Құрғыр көңіл əрнеге алаңдаған
Құрғыр көңіл əрнеге алаңдаған,
Бір тұғырдан тұрағын таба алмаған,
Жанар тұста алаулап жана алмаған,
Тиянақсыз, тірексіз алаң-далаң.
Жел көтерген қанбақтай көше-көше,
Кетем бе деп өмірден ізсіз-түзсіз,
Қиналады қысылып соған да адам.
Тау жағалап тырбанып, қиялап құз,
Əр төбені мекендеп ұялаппыз.
Тірлігіміз тірексіз, тиянақсыз,
Өмір кешсек дейміз-ақ қиянатсыз.
Жанды берген Тəңірге қияр-ақпыз,
Бір күні тар табытқа сияр-ақпыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇