Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.08.2022
115

Ойхой, құлыншақ күн
Ойхой, құлыншақ күн,
Асау, албырт, əрнеге ұрыншақпын.
Қызық көрсем, қызынып, қаным қайнап,
Келетін елден оза бұрын шапқым.
Білгім келген,
бəрін де көргім келген,
Жүген-құрық тимеген ол күнде мен –
Шамшыл едім шашама шаң тимеген,
Желік буып шабардай көңілім дөнен.
Ойхой, ғасыр қандай –
Бəріне көзім жаңа ашылғандай,
Уақыттың үкіміне бас ұрғандай.
Жүремін аяғымды аңдап алып,
Жын-шайтаным біржола басылғандай.
Құлыншақ күн,
Алақұйын болғанмен күнің шапқын,
Жынын енді алдырған бақсыдайын
Кемпірге үйде ермек – қуыршақпын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇