file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  160


Автор: Есләм Зікібаев

Табиғаттың бір түнде аунағанын

Табиғаттың бір түнде аунағанын
Көрдің бе, қар жауыпты тауға қалың...
Ет жүрегім егіліп, сезіп отыр
Қырат-қырлар қалтырап жаурағанын.
Дүбірлі дүниеден дүрмекпенен,
Фəни жалған, кім келіп, кім кетпеген.
Сəби талдар жалаңаш қалтырайды
Сəби күнгі өзімдей дірдектеген.
Табиғат, айналайын «шындығыңнан»
Ауруды – сау, сауды – ауру, жынды қылған.
Жылытшы шуағыңмен, сұрадым мен,
Алдыңда алдиярлап құлдық ұрам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу