file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  151


Автор: Есләм Зікібаев

Тірлігіміз бе?..

Тірлігіміз бе?..
Жатыр оны да кім біліп,
Кімдерге жағып жалпаң қағамыз, кімге үріп.
Өзімізге өзіміз күлеміз іштей, күлеміз...
Енді біреулерді өтірікке мəз ғып күлдіріп.
Кей-кейде іштей тынып қаламыз тымырайып,
Жазықты жандай білдеңелерді қойған бүлдіріп.
Қыстың басы ғой, жылдың да мынау аяғы,
Шүкірлік дердей көңіліміз де бай əлі.
Қыс бойы тойдан бас алмай жүрген жандармыз
Ішіміз қысып, түн бойы ішіп тойғанша,
Кертіп жейтұғын қазы мен қарта, жаяны.
Мүшелді жасқа толып жатқан соң ініміз,
Ініге аға болған соң біз де іріміз.
Туыстығымыздың тұғыры биік болмай ма,
Бірімізді əркез көтеріп жүрсек біріміз.
Өсетін елдің өрендері ылғи бір-бірін
Көтеріп жүреді, білеміз əзір мұны біз.
Қашқын да емес, босқын да емес қыр кезген,
Жақсы боп тұрса, азаматынан кім безген?
Тұтас жүргенде тобымызды Тəңірім бұзбасын,
Сақтасын дəйім суық сұқтардан, тіл-көзден.
Бетке алғандай ақ тілеуменен тау бетін,
Шығандап кетсек өр биіктерге зəуде тым,
Былайғы жұртқа үлгі етіп дəйім айтамыз
Ынтымағы берік ағайын жұрттың əулетін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу