file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  129


Автор: Есләм Зікібаев

ТОРЫҒУ

Мына өмір өң мен түстей əлі маған,
Жаныңды тас қайраққа жанып əмəн,
Қайратыңды қаншама қажағанмен,
Жастығыңда жоғалтқан табыла ма əн?
Өр едім кем соқпастай өрттен демім,
Қиялай кешкен қиял өткелдерін.
Жабырқап кейде көзге жас тұнады,
Шынымен осы ма деп шөккен жерім.
Жаным да мың жылайды, мың күледі...
Түсіме, қалғып кетсем, мұң кіреді.
Ұялы аш бөрідей анталаған
Ажал ма, қамалайды, кім біледі?!
Ажал ма?
Сақта, Құдай! Кім біледі?
Адасып, бəлкім, түске жын кіреді.
Егілтіп жылатады, күлдіреді,
Тағдырдың да болмай ма мың бір емі?
Тағдырыңа құй өкін, құй өкінбе –
Кезің көп күйетін де, сүйетін де...
Желбегей ызғырықтың жиі өтінде
Қалар болдық, оны да амал көрдік,
Алай-түлей арпалыс күн өтуде.
Жазғырарсың жазықсыз кімді, нені,
Түлкі-тағдыр мың жылап, мың күледі.
Жақсыға жорып жанды жұбатасың,
Болмаса түске де ылғи жын кіреді.
Не болған, Құдайым-ау, мына маған,
Құл сияқты құр қалар сыбағадан?
Айтарым көп болғанмен, айбарым жоқ,
Қолымнан бар келері – сыбап алам.
Кірбің көп, көп əйтеуір көңілімде,
Бір күн жоқ тыным алар өмірімде.
Жасылы жайлауымның қуаң тартқан,
Нəрі жоқ көгінің де, шөбінің де...
Нəрі жоқ көгінің де, шөбінің де,
Сезінбеймін шөңгесін, шөгірін де...
Секілді бары менен жоғы бірдей,
Қыздырмайды тірліктің шоғы мүлде!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу