file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  131


Автор: Есләм Зікібаев

Күй кеудемде шертіліп, шертілмеген...

Күй кеудемде шертіліп, шертілмеген...
Сырларым көп, тек өзім еркін көрем.
Сыртым аян болғанмен, ішім жұмбақ,
Білген жанға сертім де, дертім де өлең.
Жай жүргенде айналам – алаң, ашық,
Жай оған əкетердей ала қашып.
Ауырғанда ауырлап ойым, бойым,
Жата бергім келеді, қара басып.
Тірі жүріп бəрін де көргем аман,
Бірдей еді есік те, төр де маған.
«Қуанба, ренжіме», – дейді, сонда...
Секілді тірі жүріп өлген адам.
Жандағы емес, тəндегі дертімменен,
Сəн үшін іліп қойып, шертілмеген
Домбырадай қаңсыған қалмаймын ба,
Өлген жандай өзімнің еркімменен –
Алаулатып іштегі өртімді өлең.
Бірдей болмас кештегі бəрі көптің,
Желбіретіп ақ туын əділеттің,
Елі үшін еңіреген Едігедей
Өлсем дағы келеді жанып өткім.
Көкіректе шер бұғып, мұң байланып,
Ертеңім не болар деп күнде ойланып,
Күңіреніп күй кешкенде, жасын ойнап,
Кеткенің жақсы емес пе күлге айналып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу