file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  161


Автор: Есләм Зікібаев

Ақынның мінезі сол қай-қашанда...

Ақынның мінезі сол қай-қашанда,
Қуансаң да, көңілге қайғы алсаң да.
Бұлт үйірілмей көктемнің ашық күні
Төгіп-төгіп алады анда-санда.
Ақынның бар болмысы қай-қашанда
Қиянатқа баспайды айдасаң да.
Қызыл тілі – аждаһа алдаспаны,
Үн қатпай қала алмайды байласаң да.
Ақынның болмысы сол қай-қашанда,
Тозақтың қазанында қайнасаң да.
Жүректің безбенімен өлше дейді,
Не айтарыңды алдымен ойға сал да!
Ақынның дара біткен болмысы ма,
Қол бала бола алмайды, қол құсы да!
Ұшуы, қонуы да... өз еркінде,
Адасса да – өзінше адасуы,
Басқадай қаламайды жолды, сірə!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу