file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  119


Автор: Есләм Зікібаев

АҚЫН ЖАНЫ

Ақынның жаны тым нəзік –
ойнап тұрады бірде семіріп, бірде азып.
Семірген сəтте сабама түсіп сабырмен,
арыған шақта емдеп аламын жыр жазып.
Ақынның жаны сəл құбылысты дір еткен –
елдің көңілін оңалтқан, кейде жүдеткен
өлшеп тұратын уақыттың барометрі,
Қалт жібермейді безбендеп бəрін жүрекпен.
Алмасып жатқан, жалғасып жатқан кезегі,
Дəуірдің дағы алмағайыптау кезеңі
қас қағым сəттей не деген мұнша тез еді,
Безбеннен бетер жүрегім бəрін сезеді.
Аңдап басумен жүрсек те баяу, кіл еппен,
Сəби үніндей жөргекте шошып шыр еткен,
Тірлік тынысы ойыңды оттай қариды,
Дариды бойға – сезеді ақын жүрекпен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу