file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  138


Автор: Есләм Зікібаев

ДҮБІЛІП ЖАТАТЫНДАЙ

Өмірдің қулығы мен сұмдығы не,
Көңіл шіркін дүрлігуде,
Көшкініндей күллі дүние –
Көктемменен қозғалып көбесінен,
Сөгілген сеңдей-селдей күллі дүние.
Арғы күн – кешегі ме, бүгіні ме...
Барлығын алмастырып күлді, міне.
Қуаныш-қайғысымен сапырылысып,
Бір күнім ұласады бір күніме.
Өзгерген өмір-өзен – жылға да бір,
Көз көрген, айнымалы шында көңіл.
Ұшығын ұстатпайтын қас қағым сəт,
Тұшымын таптырмайтын жұмбақ өмір.
Сырларым – көңіліме демесін бе,
Жырларым... несі қалды ел есінде?
Шет-шегі көкжиекпен астасатын
Арманның алмағайып айдынында,
Келемін тағдырдың жел кемесінде.
Ой-бөрі аран ашып қамалады,
Арбасып жан береді, жан алады.
Жармасып тірлік үшін салындыға,
Тəңіріме жалбарынам жағадағы.
Бір күнім ұқсамайды бір күніме –
Өмірдің шындығы не, сұмдығы не?!.
Көк пен жер астан-кестен аударылып,
Дүбіліп жататындай күллі дүние.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу