file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  106


Автор: Есләм Зікібаев

Шөңгені гүл ғып бұралаң тірлік-бұлдырық

Шөңгені гүл ғып бұралаң тірлік-бұлдырық,
Кей-кейде тіпті дені сауды да жынды ғып,
Жап-жарық күнде жолынан адастырады,
Білмейсің тіптен жатқанын кімнің кімді ұғып.
Аяғы салбырап аспаннан түскен жандардай,
Сал самал жұтып мейіріміз содан қанғандай,
Орыс қазақша сөйлесе – қайран қаламыз,
Қазақ орысша сайраса – түкке таңданбай!
Уақыт солай ма, ұққандай кімді кім біліп,
Дүниенің ісін жүрген жандай-ақ тындырып,
Сөйлеуші едік бал тілімізді бұралап,
Орайын тауып орыс сөзіне сындырып.
Сабақ айтқанда, үйренген жандай күзде ықтап,
Ғажап көргендей, жауап бергендей біз мықтап,
Білгенімізге мəз болып, ойымызды да
Орыс сөзімен жіберушы едік тұздықтап.
Сол күндерді еске ап, «жындылық-ай» дейміз,
«жындылық»,
Өзгергенімізді жатыр əлі де кім біліп.
Тілі, ділі де қасаң боп кеткен қасқалар
Алтын діңіне оралам дей ме, басқа амал
Іздеп, əуреленуде қазықтай тілін сындырып.
Уақыт-қас тұлпар, сала алған жетіп кім құрық,
Кім-кімдер сырын құпия кездің білді ұғып.
Былайғы жұртты «қызығымызға» күлдіріп,
Алғанымыз-ай бүлінбес жерді бүлдіріп,
Ассақ па деген белдерімізді асу, шың қылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу