Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.08.2022
105
Осынау əсем өңірге
Осынау əсем өңірге
Өзгеше өрнек, өң берер.
Өң берер тағы өмірге
Қызығарлықтай өңгелер.
Жаныма шипа-ем берер
Сіздерге кім бар тең келер.
Ана деп биік көтерер
Аналарымызды сенген ел.
Жаныма шипа-ем берер,
Мені төреге теңгерер.
Болмасам дағы есіл ер,
Тентектігімді кешірер,
Аман жүріңдерші, жеңгелер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter