file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  157


Автор: Есләм Зікібаев

Мүлгідік үнсіз жатып та...

Мүлгідік үнсіз жатып та,
Тіке тұрып та,
Керенау тірлік сылтау іздедік сыныққа.
Сұрама сырды,
Ішім біледі ит өлген.
Жақ аштырмайды,
Ауызым берік құлыпта!
Абылайлардың,
Ағыбайлардың ұрпағы,
Көкірегім – кеніш,
Жаны байлардың ұрпағы,
Кемістік көрген кедейден тудық деп жүрдік,
Шалғайымызға жармасар деумен кім тағы,
Тегімізді танып жармасса болды –
Құртады.
Арғы атам менің...
Айтпаймын,
Айтсам сенбестей,
Ойымыз – олқы,
Бойымыз – шаршы –
Келді өспей!
Құл-құтан едік Бас болмайтұғын жиылып,
Бас бола қалсақ – миымызға қан құйылып,
Қор болатындай тағы да,
Тағызым еттік сыйынып мінген ТАҒЫНА.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу