file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  104


Автор: Есләм Зікібаев

Далама көктем келді шын-ақ бүгін

Далама көктем келді шын-ақ бүгін,
Ысырып қыстың ызғар шұнақ күнін.
Желпініп кəрі-жасы көшелерге
Наурыздың алып шықты шуақ гүлін.
Бұл да бір зор қуаныш өсер елге,
Көктеммен көгерердей көсегем де.
Ілесіп Адам гүлге, гүл Адамға,
Салтанат сап құрғандай көшелерде.
Бүгін күн Əжелердің, Аналардың
Мейірім шуағы боп тараған күн.
Қуаныш болғаннан соң баршаға ортақ,
Еңсесін өсіргендей бар адамның.
Көремін біріңді ақын, біріңді əнші,
Құйылған жырымды алшы, сырымды алшы.
Өзіндей табиғаттың таңғажайып
Жасарып мəңгі-бақи тұрыңдаршы.
Жаныммен тебіреніп кеттім бе, Алла-ай,
Салтанат-сəніменен шеп құрғандай.
Кей-кейде қысыламын жүрегімнің
Жылуын қалам ба деп жеткізе алмай.
Арманын аялаған қайда дайын,
Пендеміз құшақ жайған Айға дəйім.
Жаратқан тіршіліктің əз Анасы,
Сендер бар болыңдаршы, Айналайын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу