file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  116


Автор: Есләм Зікібаев

ШЫНДЫҚТЫҢ ҰЛЫ АТАСЫ

Елдігін айтса дағы,
Ел еместей –
Қайран қазақ əлі де келеді өспей.
Бір қазанға сыймайтын екі бастай,
Той болса, тарқамайтын төбелеспей.
Мақтанып аға демей өз ағасын,
Кикілжіңге шаптырмай сөз арасын,
Жүген-құрық тимеген жүйріктей боп,
Шаппасаң, топтан қайтіп оза аласың?
Ісіп-кепкен өзінің буларына,
Жетіп жатыр сұмдары, қулары да...
От тастамай, май құймай дуға мына,
Намысқа шабатындай ұлан болса,
Мақтанар ҚАЗАҚ болып туғанына.
Делебесі делбеңдеп қозатұғын,
Өңмеңде, өңешіңді соз, ақыным!
Бəрібір сен емессің озатұғын, –
Дермісің: «Қалай елге сөз айтасың,
Өзіңе жетпей жатып өз ақылың?»
Қайтемін,
Менің де арман-мұратым көп,
Демессің «айтты мұны кім ақыл» деп.
Асуым бардай еді шығатын көп –
Көтермей-ақ қойыңдар шыңға сүйреп,
Өлгенде айтып жүрсеңдер жетіп жатыр
Шындықтың ұлы атасы – шын АҚЫН деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу