file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  159


Автор: Есләм Зікібаев

БІР ҚАЛА БАР

Айдынында ойнаған самал, сағым...
Тарихынан ойлаған табар тағылым.
Ұлағат ізі қалған ұлылардың
Бір қала бар төсінде Сарыарқаның.
Ақ қайыңы аққудай ырғалатын,
Қағатындай гəккулеп жыр қанатын.
Алты алашқа абыройын жеткізердей
Мағжандай туса дағы бір ғана ақын.
Дарияға малындырып мұң қанатын,
Ғасырларға ұласар жыр болатын,
Орысы көп, қазағы аз осы өңірге
Жететіндей Мағжандай бір ғана ақын.
Əннің, күйдің тербеліп ерке үнімен,
Астасқандай бүгінгі ертеңімен.
Бір шеті – Есіл, бір шеті – орман, тоғай,
Өңірі ақ бидаймен көмкерілген.
Ақ нəр, дəн – ақ маржанмен көмкерілген,
Ақ нұрдай ақ маңдайдан тер төгілген.
Бір қала бар төрінде Сарыарқаның,
Ертеңі айнымайтын ертегіден.
Аты өзгеріп, орысша аталса да,
Шошырлықтай қала емес заты оншама.
Қызылжар деген ұғымды елмен бірге
Болашаққа барар деп қатар сана.
Көктемі де, жазы да, күзі де арман...
Аққудай шығатұғын жүзіп алдан.
Қазақтың намысындай, арысындай
Абылай, Кенесары ізі қалған.
Көкірегімді сырға да, жырға да орар,
Сезімімді сергітіп, нұрға малар.
Сарыарқаның төсінде төрдей биік
Қызылжар дейтін ғажайып бір қала бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу