file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  147


Автор: Есләм Зікібаев

Еңсеміз көтерілмей, иық талып...

Еңсеміз көтерілмей, иық талып,
екі аяқ бір етікке сыйып барып,
еңсемізді жия алмай есеңгіреп,
аузымыз айраннан да күйіп қалып...
тəлтіректеп тəй басып жүріп кеттік
көкке ілінген көтерем сияқтанып.
О, пəлі, айдың-күннің аманында
саудалап иманын да, жан, арын да...
ұшы-қиыр көз жетпес меңіреу мекен
қалғандай «Барсакелмес» аралында,
сіңіріне сүрінген сорлылардың
үрей тұнған, жаны жоқ жанарында,
білмейді қайда, қалай барарын да.
Көктем шығып, телегей мұз аққанша,
кəрі-құртаң бара алар ұзап қанша,
жамап-жасқау қиын-ау жан жыртығын,
əзер жүрген жүректер сызаттанса.
Киелі өңір, киелі ел, киелі жер...
ой шырмауын үзе алмай кіл егілер,
мықтап ұстар тізгінін еркегі жоқ –
өңі қалмай қор болды-ау иелі дер.
Мұң тұнып жабырқаған жанарында,
көктемде де қауқарсыз жаңаруға,
күнде ертеңмен селдетіп көздің жасын,
малынатын секілді дала мұңға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу