file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  265


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Бір түйір қаннан өссе он Ақнайман...

Бір түйір қаннан өссе он Ақнайман,
Өмірзақ тұңғышы екен төр айналған.
Құрман мен қырықмылтық тетелері,
Ұйымшыл, ұзамайтын орамды ойдан!..
Қозғасақ Қонақбай мен Қазақбайын,
Тағдыры тайғанаған ғажап, дәйім!..
Күрделі күресімен аластаған,
Ақырғы ашты жылын, азапты айын!..
Зерделеп, бет-бағдарын, біліп көптен,
Сары екен, бәрін-дағы білікті еткен.
Өкпелеп жалғыз ғана Жауғаштысы,
Басқаның қанатына кіріп кеткен!..
Миллион жыл иемденген кең даланы,
Ұрпақсыз қазақ қайтып, ел болады?..
Жетпей ме, иен жерге емінгендер,
Сатқан соң сәбиіңді нең қалады?!
Ақнайман қалай артық туылды екен?!
Сүйегі Шардың Кезеңсуында екен...
Ұрпағын осыншама өсіргенде,
Қолынан ұстамаған туын бөтен!..
Балаға бассыздықты тыйу – медет,
Ұрланған қаржыларды жию керек!
Зиратын іздеп, тауып Жолымбеттің
Тұлғасын сом алтыннан құйу керек!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу