Өлеңдер ✍️
Болған соң, қара кемпір «немерелі»...
Болған соң, қара кемпір «немерелі»,
Жолымбет қолын кері шегереді.
Худаяр-хан дегені міңгірлейді...
Кісі жоқ кесіп айтар, кең өрелі!
Сәлделі, тақиялы сыбырласқан,
Бір өңкей сақалды екен төңірегі!..
Шаңдатқан, жау жапырып кер даланы,
Қалың қол қоршай тұрсын Ферғананы!..
Тырбанып, қымтамаса қиянатын,
Күні ертең Қоқан жағы жер болады...
Бірақ та «Аман-есен» қалғың келсе,
Кәнеки, былжырамай, бер баланың!
Дейді де, сөз тосады Жолымбеттер,
Тепсініп, мықты болсаң, бейімдеп көр!..
Сәудегер тиын сауған айналасы,
Жоқ мұнда бала түгіл, тегін кептер!..
Шаһары шаңырақсыз қалатындай,
Лекерлеп, келтірмесе, ебін бектер?..
Қордалы кәсібі бар көп арналы,
Оңай жау емес бірақ олар-дағы.
Үстіне жеміс-жидек, пышақ тиеп,
Сүйретіп жүргенімен, қоларбаны.
Бұл дауға кез-келгені ойланбай-ақ,
«Қазақты» жөн,-дер еді, доғарғаның!
Осынау шешпек болып мажыраны,
Жиналды сарапшысы, қазылары!
«Мүбәдә» қазақ алса,бұл ұғылды,
Қайғыдан қара кемпір жарыладың
Деп біреуі қыдырта қарағанда,
Мақұлдап, бас шұлғыды азырағы.
Мүлгіткен бау-бақшасын шебер, Алла!
Дейтіндей жиналғандар «дем алам ба?»
Гүлі аңқып, ортасына кілем жайған,
Жамағат тығыздалды кең алаңға.
Майпаңдап, қазылар да келіп, жетті,
Құлақ тос, қызық көрсең, келе қал да!..
Екі жақ салғыласса, быжалақтап,
Тоқтатпақ, бірін-бірі тұралатпақ!..
Өңінен дым оқытпай, қара кемпір.
Жолымбет тебінеді қызарақтап.
Бел буып, Маржан отыр төлін көрсе,
Оңтайланып, құшуға бір-ақ аттап.
Кемпір де жоқтан жонып, жаннан құрап,
Тапқандай шұбыртады бардан құрақ...
Ойының қисыны бар салмақтасаң,
Дәлелі, түйіні де арзан бірақ.
Ұрт орта, бір жұмада жағы солып,
Қыстыға күрсінеді Маржан жылап!..
«Шалжиып сен несіне жатырсың?» деп,
Төрдегі әлдекімге ақырсын кеп!..
Жұмсарып, сонан кейін шешім айтты,
Құлаққа мұндай кезде нақыл сіңбек.
«Баланы дәл ортаға отырғызып,
Шешесі екі жақтан шақырсын!» деп.
Сәбиге бір күн ұзақ бір айыңнан,
Жауыз-ай,ата-анадан тірі айырған!..
Үреймен жаутаңдады жан-жағына,
Жүдеген есі шығып, уайымнан!
Тағдыры қыл үстінде бала келді,
Бір медет сұрамасаң, құдайыңнан!
Сәні жоқ кигенінің киіт құрлы,
Қазақтың көкейіне күйік кірді!..
Қара ала тақияны милықтатып,
Орнына тымағының киіп тұрды.
Үстінде сүйретіліп ала шапан,
Етегі еденге де тиіп тұрды.
«Баланы» қайдан, қалай келтіріп ең?
Шоңқайма етік, тымақ жоқ елтіріден!..
Оюлы шапан-шалбар тағы да жоқ.
Маржанның кигізілген төркінінен,
–Деп біреу түрегелді,-сұрау керек,
Қоқанның құйқылжыған кемпірінен!..
Қоқандық бірді-бірге қосып отыр,
«Өзіміздіңұғыл» деп бөсіп отыр.
Біле алмай даудың қалай шешілерін,
Тағатсыз екі жағы тосып отыр.
Естімей, нәтижесін ет құлақпен
Орнынан қозғалмастай осынөпір!..
Балаға Қоқан жақтан ат қойылса,
Кімұғар шымбайына батпайынша?!
Алар ма қазы сауап көз алдыңда,
Тілінен бірге біткен жақты айырса?!
Өз шеше, өгей шеше екі жақтан,
Жарыса шақырды енді шарт бойынша!
Көрсетіп дәніктірген... алма-өрігін,
Әуелі кемпір тұрды әрлепүнін!..
Сүрмелеп, қасы-көзін, бетіндегі,
Далабы білінеді әр жерінің...
Мән берген оған тіпті тірі жан жоқ,
Балада ықыласы бәрлерінің!..
Есі бар аңғармасын адам нені?!
Сонан соң:«Килің-килің балам!»,- деді.
Мұндай тәтті үйде көп, таудай-таудай!..
Соны түгел беремін сағанң - деді.
Бала солай жүргенде қоқандықтар,
Даурығып, «Ішні» кари тамам!..ңдеді.
«Олжаның енді алардай құдайсыз-ақ!
Бәлсініп, Қоқан жұрты жуансымақ!..
Біреуге белбаласын беріп қойып,
Тұратын Жолымбет пе, бұған шыдап?! —
Қуансейіт!»деп Маржан айғай салды
Дауысы ашты шыққанмен, жыламсырап!..
Белгісіз істің оңға баспағы әлі,
Аяйсың томпаңдаған жас баланы!..
Ұстаған алмасымен топ ішінен,
Маржанды тура барып, бас салады.
Қуып кеп, әкетуге қара кемпір,
Қазақтың қабағынан жасқанады!..
Тыныстап, етек-жеңі кеңігелі,
Шошынған анасы үнсіз егіледі!..
Сау басын саудаласа, алаяқтар,
Үш жасар сәби одан не біледі?!
«Бірінші шоңапамға барғанң десіп,
Сөз тоспай, әлдекімі желігеді!..
Көңілі қоқандықтың зәулім еді!
«Ұғыл бизнің» деп қана әулігеді!..
Кемпірге барғандығын сылтауратып,
Салмақ-ау, сөзбұйдаға әңгімені!
Шулайды дүрмекке еріп көпшілігі,
Науқастың дертін қайсы сау біледі?!
– Мұндай ұл қазаққа да арман шығар,
Тануың баламызды жалған шығар?!
Әжеден саған барса, онда не тұр?
Бірдеңе береді деп барған шығар?..
Әйтпесе, ол қайтеді қазақтарды?!
Қазылар ақ, қарасын ардан сынар?..
Қайталап, қайран қалдық келісіңе,
Әжеміз өлер симай, терісіне!..
Баласын бауырынан алмақсыңдар,
«Кемпірдің қызыққан» деп– жемісіне!
Ал сонда оның құнын кім төлейді!
Араласқаның бар ма, ел ісіне?,
–Деп біреуі қазының тұрды шіреп!..
Пайданы Қоқан жаққа бұрғысы кеп.
Шыдаған тісін-тіске қойып әрең,
Жолымбет ұшып тұрды ұрғысы кеп!
«Баланы шешіндір!», – деп зекіп қалды, –
Қайтесің құлыныма құр кісінепң?!
Баланы келмей, тірі қиғылары,
Қазылар да жыландай жирылады.
Баланы шешіндіріп, тыр-жалаңаш,
Түсінбей ештеңеге тұрды бәрі!..
Жолымбет дәл осылай істемесе,
Зорлығы-зомбылығы миға ұрады.
Бала екен расында артық туған!
Өңінен нұр маңайын шарпып тұрған!
Торлаған тұла-бойын қалы мен мең,
Айнымай әкесіне тартып туған.
«Белгіні сана!» – деді масаттанып,
Жолымбет көңілі тым шалқып тұрған!..
Ойламай, бағым деп те, сорым деп те,
Көз жұмған тәуекелге Жолымбет те!..
Өзі де шешінеді белуардан,
Қаратып күжірейген жонын көпке!
Белгіні санатады денесінен
Симасын қандай қыртқа орынды өкпе?!
Бітетін белгіше кей торғайларға,
Табылған мең тақымынан, борбайдан да!..
Әкеге бәрін соның теңестіріп,
Міне, осылай, сәбиін қорғайды Алла!
Қазылар шулап кеткен «болдың десіп,
Жолымбет ышқырына қол қойғанда!..
Ойлансаң, жақсы-жаман елестемек,
Шығардай енді созса, егестен, от!..
«Қазағым, бала сенің...» деді Қазы,
Турасын айтуға да кеңес керек!..
Жолымбет сонда ұлын көтереді,
– Айдан да әппақ найманым емес пе?! – деп.
Құдірет қолдағанда, армандыны,
Кемпірдің кімге керек жалған мұңы?!
Жадысы зая кетті дүмше оқыған,
Баланы құзырына алған күні!..
Қалған ғой аңыз болып қоқандықтың,
Соншама қиянатқа барғандығы!..
Осындай құпиясы лақап аттың,
Қуансейіт деп енді атамақ кім?!
Жүзіне дүниенің тарап отыр,
Тұқымы міне, осы «шақалақтың»!
Ақнайман сіңген барлық буынына,
Айғағындай әкелік махаббаттың!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter