Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  236


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Ақнайман

(дастан)
Дерегін жиғаныммен, шығарманың,
Қырық жыл басқа қағаз шыбарладым...
Ойланған білер бәлкім, рулы елдің,
Бір түйір қаннан тарап, құралғанын.
Обалы ұйқымды алып, сәбилердің,
Қозғамай, құпияны тұра алмадым!..
Пенденің обал-сауап қолында тұр,
Кесіпті көп сәбидің жолын кәпір!..
Өткізіп перзентхана құзырына,
Соңынан зарлағандар толып жатыр!..
Әлде кім қиянатын заңдастырып,
Әлдекім осындайдан тойынды ақыр!..
Әлсізін жұтса жылан әлдірегі,
Адамның шымырлайды-ау, жан-жүрегі!
Сәулесіз сәби сатқан саудагердің
Ақша ғой әулет емес, бар білері!..
Толқытқан, толғандырған мені-дағы,
Дәл сондай Ақнайманның тағдыры еді!..
Жалғанның соны айтайын жарығанда,
Тұлпардың сын болмайды арығында.
Мән-жайды кейінгінің білгені жөн,
Дүние тұра бермес қалыбында?!
Өсуі не өшуі бабына тән,
Бір түйір жерге түскен тарының да.
Шын аты Қуансейіт Ақнайманның,
Ішінде өсіп-өнген қан майданның!..
Өзім де талай-талай өртке сүңгіп,
Әйтеуір құдай оңдап, жанбай қалдым!..
Енді оны мен айтпасам, кім айтады,
Жарқырап туған кезде маңдайдан күн?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу