file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  201


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Серт

(поэма)
Арманы, әлде кімнің назы ма екен?..
Шертетін оқиғаның сазы бөтен.
Мұрадай бірден-бірге көшіп жүрген,
Қызықты, қисыны бар аңыз екен.
Өнері көрмегенге жұмбақ талай,
Тұра алар шын ерлікті кім мақтамай?
Міні жоқ тал бойынан табылатын,
Алғандай айдан пішіп сымбат қалай?!
Жанары жай отындай шатынаған,
«Тұйғын» деп тура берген атын адам.
Тең бе оған жібек шыжым тақса-дағы,
Шаутұяқ ителгінің заты жаман.
Сіңірлі шақпақ етті, шаршы бітім,
Ерекше самғауы мен қаршуы тым.
Қуантса құсбегіні, қырып салып…
Ақтайды артығымен аңшы үмітін.
Тәкәппар, ширығатын құлқы бөлек,
Шамданса, тек өзінің ырқы керек.
Күйкентай, тоғысайдай, тұрымтайдай,
Садаға кетпесін бе, мың сүмелек!
Албаты көтерді-ау, деп бір «жындыны»,
Кінәлап, сөге көрме құрбым мұны!
Әуенмен безбенделсе, бұлбұл құны,
Қыранды қыран еткен қырғындығы.
Жоқ оның ажалдан да именгісі,
Баптайды сыр мінезін білген кісі.
Тарыдай тас бар екен жиегінде,
Көзінің өзге құстан бір белгісі.
Теріп жеп ырыздығын айналадан,
Ұғар ма қыран қамын ойламаған?!
Мең емес іштен туған, сүйел емес,
Ал сонда орныққан тас қайдан оған?!
Осы ғой тоқсан ойдың түйіні де,
Тік тұрар төбе шашың күйігіне!.


С
ұм шайтан суырылып, бәстеседі,
Т
ұйғын
қ
ұ
с
ұшарда
ө
з биігіне!
Жауыздың жанасуы жай ғана ма?!
Арамдық, бағатыны пайда ғана…
Нән тасын тіселмеген диірменнің, Күн бұрын дайындапты айдалаға.
Амалы алпыс т
үрлі ерегессе,
Арамза, қиянатшыл неме емес пе?!
Шайтанның залымдығын қозғап кетіп,
Бейнелер қилы
-қилы келеді еске!..
Қайраған неге керек қамшылаған?!
Дариядан замзам артық тамшылаған.
«Е» демде ж
үз дуадақ ілсең
-дағы,
Қарымың кемдеу шығар Қаршығадан?! Өмірден біле білсең, көп ұтылдың, Бұркітке кегің кетті, не бітірдің?..
Намысын қумайт
ұғын жетесіз боп,
О, баста шала
-жансар,
өлі тудың!
Дәмеленіп, қаз тепкен дардайыңда,
Ойлаушы ем тоятыңды әр дайымда. Жүрексініп бір жолғы кедергіден,
Жапалақтай жалт берсең, қарғайын ба?! Бөлмесең бір ұрғанда демек, көкем,
Басыңды б
өденеге теңеп кетем.
Шіріген тас,
ұлтаңдай қалыңдығы,
Шынайы қыран
үшін
б
өгет пе екен?

Деп бір сәт ашылғандай
м
ү
з қабағы,
К
өлгірсіді, куә жоқ ж
үз қаралы.
Өлтірмек, ебін тауып мертіктірмек,
Асылдың абыройын қызғанады!..
Пәниде ерің бар да, езің бар да, Құтылар күншіліктен кезің бар ма?!
Шайтаннның жері кеңіп, қыбы қанбақ, Тұйғынның шоқып жатса, көзін қарға!..
Шарттасып ала жіпке алсылғырмен,
Қаймықпай, қабылдады бәсі бірден.
Сенеді кемеліне келген қыран,
Алапат арыны бар тасып жүрген.
Серідей серт бұзбайтын кербез еді,
Тоқтам сол – үшке дейін ер кезегі.


Іркілмей шүйгіп кетті ойлы аспанға,
Бейбақтың таялды ма сор кезеңі?..
Япыр-ау, тұйғын сонша неге батыл?
Зымырап пәрменімен келе жатыр.
Тас сынды… қас қаққанша, шайтан бірақ,
«Жарадың мойындаймын» демеді ақыр.
Жалма-жан желімдеді жан таласа,
Серқұмар не болады, тарқамаса?!
Тас бүтін тұйғын кері оралғанда,
Көрініс оған мүлде таң-тамаша…
Ал, шайтан палуанша кілемдегі,
Нығызсып: қауқарыңды білем, – деді.
Қалмасын қамырығың әбден байқа,
Торғайым, тұштаңыңнан түк өнбеді.
Шыққанша ата сақал, мұрт көбіне,
Қосады-ау, тұяқтыға жұрт сені де!
Ойласаң, тастың аты тас емес пе,
Сына ма өлеусіреп, түрткеніңе? –
Тықсырып, осылайша табалады,
Тұйғынның ашылмай тұр қабағы әлі.
– Кәнекей, қайтала! – деп, иек қақты,
Келіскен тоқтам бар ғой бағанағы.
Жабырқап, жануар-ай, жетімсіреп!
Нәумездеу көтерілді екінші рет.
«Қырыңды сындырдым ба?» дегендейін,
Шақшиып, шайтан жерде отыр шіреп.
Қараса, бөлінген тас кері пішін,
Қайнатып, қалшылдатып сері күшін.
Шарықтап, шарбы бұлттан әрі кетті,
Зеңгірден ағындап кеп перу үшін.
Еңкеймей ерегесте кеткен өліп,
Әулеті ақ тұйғынның сертке берік.


Аспанды қақыратып, а, дегенше,
Жіберді бітеу тасты төртке бөліп.
Беу, жалған қай қылығын айтам бірақ?..
Тағы да желімдепті, шайтан құрап.
Тоқ санап өз көңілін бастапқыдан,
Тұйғын құс оралғанда байсалдырақ.
Жүргендей айғақ, кепіл, өріп нөкер,
Көзсізге келді қайдан көніп бекер?!
— Құсадан өлмесе де долы құстың,
Рухы бір жолата сөніп кетер? –
Дейтұғын азаматтық пікір қайда?!
Есерге ерік тисе, құтырмай ма?!
Әзірше бұл шайтанды әспенсітті,
Арамдық, бәз-баяғы мұқыр хайла.
— Ежелден жүруші едім күдер үзіп,
Ашылды қас масқараң міне, қызық!
Бос мойын, буыны осал, көбікмассың,
Емгендей тоятына құр емізік.
Жедің бе әлде байғұс, қолдан ботқа?
Тауыққа тап берсеңші қорған жоқта!
Шертесің шегірткеше қайта-қайта,
Тыртаңдап, жүзің айдай болған жоқ па?..
Арының жетпей қалды алғашқыға,
Дегенде, қаһарланып албастыға.
Тұйғын құс шарт қатайып әуеледі,
Кім білсін ажал айдап, қан басты ма?!
Бәйгедей сөресіне жақындаған,
Құс көкте, төменде әлі жатыр надан.
Баяғы бақай қулық жөнді келсе,
Төндірмек түбегейлі ақыр заман.
Дүрсілдеп жүрек шіркін шапқан аттай,
Қас қыран құйылды да бет қаратпай.
Шығарды шегір тастың күл-паршасын,
Кіжініп зеңбіректен атқан оқтай.
Шайтан састы өзінің санан бұрап,
Ал тұйғын, бұрынғыдан арындырақ.


Аулақта екі кесек қала берді,
Үлгермей мат-қапыда бәрін құрап.
— Осылай шынықпасаң, кеш қаласың,
Ұрыншақ, ерегеске өш боласың.
Жеңілдің, бөлу қайда күшенгенмен,
Кетідің әрең-әрең шет жағасын? –
Деп шайтан тартты өзіне мәртебені,
Тұйғынға үйіп – төгіп бар пәлені.
Сарылып сағы сында-ау, амал қанша?..
Жазира жаны қандай дарқан еді?!
Көңілдің аласұртып терең көлін,
Қаскұнем еш кетірді ер еңбегін.
Ұпайын ондайлардың құттықтауға,
Тілім сақау, құлағым керең менің.
Тұйғынның татымайтын шертуіне,
Шайтан-ай, масаттанған жемтігіне.
Қалайша көлгірсиді, жақын санап,
Қанжарын сайлай жүріп жең түбіне?!
Жасыған қыран дел-сал шарықтады,
Бақыты жанбағанның ғарып қалы.
Жабырқау келбетінде кете барды,
Қаламат қорланудың анық табы.
Өзегін қол арадай қыршып тұрып,
Көзіне келгенде жас ыршып тұнық.
Кірпігін жалғыз қағып, қайран маңғаз,
Жұтыпты көкірегіне тұншықтырып.
Жас сонда тас боп, қатып қалған екен,
Естуің бұл сұмдықты бар ма, көкем?
Өресін өнерінің көріп өлу –
Біз түгіл, құсқа-дағы арман екен!..



1972 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу