file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  26.08.2022
  139


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Жол - жөнекей

(С. Қапшықбаевқа)
Құрметті, құдыретті Серағамыз:
Қайдасыз, қайтсек, сізге ере аламыз?!
Шақырсақ жоқ, іздесек, табылмайсыз,
Енді қайда «жарнама» бере аламыз?!
Бұл өзі-қалай еді дұрысында,
Дананың не бар деуші ем уысында?!
Дүниені дөңгелеткен қайран, ағам,
Отырып «Балдырғанның» бұрышында!
Көп тартқан тауқыметті армандасым,
Сергісін ел мұңынан талған басың!
Біреуді-біреу білмей, екі ортада,
Тозған қаздай топтанған қарға алмасын!
Құт қонды, ізіңізге нұсқа қонды,
Әлпештеп, бас зерігер ұстап енді?!
Толқытып, төгіп-шашып айтар едім,
Әттең-ай, уақытым қысқа болды!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу