file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  26.08.2022
  153


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Қалжың – хат

(Т.Шәріпжановқа)
Сұрау сап бері өткеннен ары өткеннен,
Ізіңді шығарып ем Қараөткелден.
Дүмпу бар өзің жайлы неше алуан,
Саумысың жазу жазбай, тары еккеннен?
Мәдише қоныстансаң, Қараөткелден,
Жасыта алмас жалғыздық зары өткенмен.
Алды-артына топырақ, жаның сауға,
Азап бар ма, жаманды жар еткеннен?!
Әрине, тоқал алсаң, ұтылмадың,
Жөн де шығар құлдықтан
құтылғаның!.
Білемін жаңа жеңгем жайлы болса,
Саулайды көмейіңнен жұтынған үн...
Егерде болса, бізден ақылдырақ,
Мөлшері, жас отауды жатыр құрап?
қарасын қабағыңа, сен де сыйла!
Ақынды билемейді қатын бірақ...
Жеңгеміз көрем десе, келсін бері,
Мүмкін емес, бұл жақты жерсінеуі.
Айтқандайын, кіндігі дүңкіді ме,
Қанша болды өзіңнен тер сіңгелі?..
Газетке қонжиғаның қайта келіп,
Дұрыс екен жүрмесе, «сайтан» еріп?..
Алматыңда қызық көп қыздырмалы,
Тауысам, қайсы бірін айта беріп?!
Есен-сау қатын-бала, қара басым,
Сол мінез, қадалғаннан қан аласың.
Қашан да қажетіне жарағасын,
Кеңейді дос-жаранмен араласым,
Жүсіп, Қабдеш, Ғабдылхақ түгел аман,
Баяғы бәз қалпында сарамасың!..



1976 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу