file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  26.08.2022
  158


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Күміс құлып

(Бағила Бақытжанқызына)
Қаламымды қаздаңдатты-ау, Бағила!
Бағиланы бүкіл қазақ тани ма?!
Танымаса, танығаны жөн шығар,
Себебі, ол – жазылмаған қағида!..
Сырқаттансақ, емдеп-домдап, күш берді,
Осы өмірде, өңінде сан түс көрді...
Қатырады жүлгесі жоқ болғанмен,
Еркек ебін келтіре алмас істерді.
Қуанса да, мұңайса да бір келкі,
Әсем әуен, жалындаған жыр-дерті!..
Ақ тұйғындай қанат қаққан кезінен,
Талайларды тамсандырған түр-көркі!
Шамаң келсе, жамандарға қол артпа!
Илан осы Атымтайдай жомартқа!
Екі тілде егес туса, егерде,
Кетер еді алды-артыңды орап та!..
Пікірі-айқын, тумысынан бір беткей,
Келеді өзін күншілге де күндетпей!
Сұлулығы бәз-баяғы қалпында,
Сырлы аяқтан сыр кетсе де сын кетпей!..
Пендең емес, абыройға асығар,
Бір өзінде, он кісінің басы бар.
Күміс құлып, ережесі ішінде,
Қалпын бақсаң, кілтін тапсаң, ашып ал!..



2008 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу