Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.08.2022
115
Қадіріңді білсе, жұрт…
(Қасымхан Базарбековке)
Данамен де, келісіп дойырмен де,
Көсемсіп, көтермейсің бойыңды өрге.
Әсем ән, айшықты сөз, күйге ғана,
Елтисің ішкен асты қойып жерге.
Сөз болса, халқың жайлы, салтың жайлы,
Жаныңнан мың найзағай жарқылдайды…
Осы мықты-ау, дегеннің көбін көрдім,
Салмағы санатыңнан артылмайды.
Адамның ұшырассаң, түр-түріне,
Менмін ғой ең жетігі мұң тіліне.
Кішілік, кісілігің тік көтерді-ау,
Жібермей, қайығымды су түбіне!..
Пендеге бетің жарық, жалынбайсың,
Білсе жұрт қадіріңді, табылмайсың…
Серінің сегіз қырын түгел ұққан,
Жалғыз өзің бір үлкен ауылдайсың.
1994 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter