file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  26.08.2022
  208


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Ақын атағы

(Қ. Алтынбаевқа)
Ақанның сайысатын құласымен,
Тұлпардың тұқымы едің құлашы кең.
Алпыстан астым-ау, деп абыржыма,
Құдайдың қозғалмайтын құдасы ма ең?!
Қас түгіл, арыныңа достар сенбей,
Бұлқындың Бұқтырмадан босқан селдей.
Қазақта арғы-бергі болған емес,
Жырына Абай жұртын қосқан сендей.
Дәметсем қазынасы – толған жерден, Өзіңдей
өлең керек орман-бермен.
Тұп-тұтас атақсың ғой өз алдыңа,
Атақты қайтушы едің қолдан берген?!
Қалбаның қайыспайтын тірегісің,
Атақ бер Байбураңа мінезі үшін!
Біздегі атақтылар ішіндегі,
Атақты екеніңді біледі ішім...



1984 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу