Өлеңдер ✍️

  26.08.2022
  133


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Бейбіттің бітімі

Жақсыны жақтап, жаманды көзі де көріп,
Жігіт болды жетелі сөзіне берік.
Қасарысса, қаймықпай, қаралықтарға,
Намысы тұтап, бітетін өзіне желік!
Жаны тым нәзік, жанда жоқ
сабырлылығы,
Әндерде туған шабытты, арынды күні!
Гитараны да үйрете бастаған едім,
Ындынын еміп тұрған соң,
«табырдың» үні!
Үлкенге құрмет, ініге ізеті қандай?!
Тіс жармаушы еді, ішкі ойын түзетіп алмай!
Қағылез қалпын өзгертпей, сақтанатұғын.
Өкшелеп жүрген, соңында күзеті бардай!
Білімі-мығым, тұғырдай
мойылдан қиған,
Олжасы – үлгі, торқалы тойыңнан жиған.
Өнері – үстем, қыры – көп, жыры да жетік.
Тұлғасы – тұтас, мүсіндей
шойыннан құйған.
Қызғаныш кернеп, жаласын
тізгенде надан,
Пысқырмайды оған бұрылып, ізденген адам!
Бәйгені күткен бапкердей тілеуін тілеп,
Болса екен дейміз, тек қана тіл-көзден аман!
Бағалы басы – ғаламдық жарық құндысы
Қошқар қояр қозыдай қалып-төрғысы,
Ең сәулелі Министр болар-ақ еді,
Қоя салса, қарымын танып бір кісі!..


2003 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу