Өлеңдер ✍️

  26.08.2022
  91


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Белгібайдың белгілері

(Б.Сахариевке)
Шалбардың қыры – қылыштың
қырындай кілең,
Ұқыпты ұланның өрісін ырымдай білем.
Сәби еді-ау, қағылез тап-тұйнақтай,
Уызға жарып отыққан құлындай күрең.
Арада жылдар жылжыды, арада күндер,
Ойласаң, «құда түспеген» балаға кімдер?!
Бір көргенде дәрігер аппақ халатты,
Бір көргенде кигені сарыала мундир.
Офицер шенді, қу мұртты сындардай жігіт,
Айтарыңды түріңнен тұрғандай біліп.
Кепкісін алса, керемет бұйра басына,
Жан болған жоқ, дәл сонда қыздардай жуық.
Қоңыр кеште жұргендей шырағын ұстап,
Сұқтанған сұлужыласа, құмары қыстап
Жыламай қайтсын, жымиса, «Қыз-Жібектегі»
Төлегеннің түсіксіз сыңарына ұқсап.
Күйіп-жанған махаббат шоғына маздап,
Хабардармыз ғой ғашықтар тобынан аздап.
Қыз-қырқын көп болатын жорта жөн сұрар,
Көшедегі көлікке соғыла жаздап.
Содан қашып, қорғаушы, тергеуші болды,
Тәубасына келтіріп, мергенсігенді.
Ары қарай судья, көшелі заңгер,
Оны олқысынғандар жерге енсін енді!
Азаматым деп білсе, тұшынып халқы
Өзгерер, бәлкім, пенденің түсінік, нарқы.
Өзгермеген жалғыз-ақ Белгібайдың,
Екі көзі, ежелгі кісілік қалпы!


Тумысы таза тұлпардай, суаты жасыл,
Қадірін білсек, тым сирек туатын асыл!
Бақ-береке тілерім ұзақ ғұмыр ғой,
Төбе бидің төрдегі мұраты ғасыл!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу