file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  26.08.2022
  139


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Сейітқан туралы түйін

Халқың мен салтыңды айтып, зар илейсің,
Жалшының өрістегі әніндейсің.
Алтайға алтын басың симай кетсе,
Симаған Сарыарқаға Мәдидейсің.
Сабазсың, сабырлысың, туламайсың,
Өмірі өстіп, кесек турағайсың!
Амалсыз аласталған келесінен,
Қастерлі, қайсар, қара бурадайсың.
Сараңның саудасына ілінбейсің,
Бағылан баяғының биіндейсің.
Көшірген көкейіне ел мен жерін,
Алтайдың тарихы мен тіліндейсің.



1997 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу