Өлеңдер ✍️

  25.08.2022
  453


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Табиғат тәлиматы

(профессор Ұ. Сыдықовқа)
Басы барға табиғат аз оқыла ма?..
Соны ұғынған қағілез, қазақы бала.
Қызықтырып, қиялын қиянға серпіп,
Талайына кез-келді-ау, жазатын аға!..
Қысық көзі ғылымның шалғынын шалса,
Қатарының көргені қазоты ғана.
Ұстанғаны өмірден тазалық екен,
Қайнары тұнбай, дария таза тұна ма?!
Бөрі ұлыса, ауылынан қоралы малдай,
Із кесетін ауылдас сорабы дардай.
Осы өңірде тоғысар торабы бардай,
Төрт қыраннан төңкерген бораны қандай?!
Соның бәрін білуге шын құмарланып,
Ұйқыны ерте ашқан ғой, оранып алмай!
Келе-келе ғылымның тұбін де түртіп,
Шешілген түйін түп-түгел орамы қалмай!..
Баға берсе, әрнеге ақынша жайнап,
Кең өріске тартады нақылша қайрап!
Сыртын білмей ғаламның, кілтін білген соң,
Түйіндейді қоспасын батырша байлап.
Аруақтарға тілдесіп, ақ ниетімен,
Періштесі жетеді шақырса, қайнап.
Бойына сіңген бояудай Қабанбай нұры,
Алты алыптай қаумалап, ақырса қайрат!..



1997 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу