file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  25.08.2022
  521


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Жомарт жолы

(Мұхтар Құл-Мұхамедке)
Әйгілі бес Мұхтардың кенжесі едің,
Қайғылы қашқындардың жерлесі едің.
Күндеудің шетін көрсең, көтін көрдім,
Көрмесең, көргеніме сенбес едің.
Шылбырын өнерлінің өрге тартып,
Күн бұрын тиді ботам, елге себің.
Түсіндім айтыс сайын машина атап,
Ұсындың сыйлықтың да ең кесегін.
Ол түгіл, мүшайраға жолатпай жүр,
Әйтпесе, ешкімге есе бермес едім.
Атынан «Ата-Мұра» айтыстыршы,
Басыма оған дейін төнбесе, өлім!
Бұрылмай, құрылса да қандай қақпан,
Құрымдай тер сыпырдың маңдай жапқан.
Сәбидей өз кіндігін өзі кескен.
Мәдидей бағыңды аштың жанбай жатқан!
Жұғымды жұрген жерге мінезің бар,
Ұғымды сөзің жұртқа майдай жаққан.
Айта алсақ, әңгіме көп түбірінде,
Былайғы ел мазмұнына қанбай жатқан.
Састырып сараңдарды сол жарықтық,
Шәуешек шаһарына балдай батқан,
Ерлікте ерегестен туады ғой,
Көргендер өліп-өшіп таңдай қаққан!
Атымтай асығына күміс құйса,
Арғы атаң ақша жағып, шай қайнатқан…
Дініңдей тік тұрғызған бөрененің,
Бұлінбей түзу өскен өрен едің.


Барыңды, жаныңды сап тірілттің-ау,
Қастерлі қазағыңның көне өнерін!
Арамнан байығандар біле ме оны,
Сазарған құдық көрмей, көнек ерін?!
Қажеттей қазіргі айтыс жалғыз саған,
Көкиіп көрсетпейді-ау, төбелерін!..
Сол сенше ақыл сатып, дәулет жиса,
Көмексіз көсілгенін көрер едім!..
Әулеті ақсұңқардың шашып жейді,
Қарық қып сырқытына төңірегін…
Мені де шырт ұйқыдан оятады,
Қақпайдан көрінбеген көп өнерім!..
Кімге айтам, ән мен күйдің ақ кептерін,
Өлеңнің өліп жатқан көбелегін?!
Кұдікті үміт жеңіп, сергімесем.
Түңіліп әлдеқашан сөнер едім
Есалаң ғасыр бізді ескере ме,
Соны айтшы, жаны жақұт, көрегенім?!



1996 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу