file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  25.08.2022
  165


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Әттең-ай!..

(нағашым С.Уақбаевқа)
Айрысыларда, қайғы қысарда «сенем» деп,
Құшақтап едің, көзіңнен шарпып, денемді от.
Кең толғап, кесек ойлайтын, қайран ағам-ай!
Есірткен мені ешкім жоқ еді-ау, сенең көп!..
Емендей қара, тебеңдей ғана жан едің,
Мейірім едің, тұлғаңмен тұтас ән едің.
Өртіме төзіп, дертіме төзбей, кеттің бе,
Түнеріп түндей, түбіңе жетіп әлегім?!
Миымды шағып, намыс пен ұят арадай,
Сөйлеймін тағы… өлтіргеніне қарамай…
Қарызың қалды-ау, мойнымда туған жұртыңды,
Демің біткенше, бір көрсетуге жарамай!..
Өлместей көрдім, көнбестей көрдім өлімге,
Қазадан хабар ала ма, адам өмірде?!
Жұпарын жұтса, жайлауын кезіп еркінше,
Шүкірлік етіп, отырар деп ем төрімде.
Көзімді байлап, көрсетер қызық түрлері,
Елестей берді тек соның думан-дүрмегі…
Межеге жете оққа ұшқан альпиниске ұқсап,
Самғау тұсынды ажал да аңдап тұр ма еді?!
Бәсіңді артық көргенмен, әке-шешемнен,
Қай құным асты паррықсыз, нәрсіз есерден?!
Атыңды атап, бетімді тіліп жіберсем,
Аңғырттығымды, салғырттығымды кешер ме ең?..



1995 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу