file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  25.08.2022
  178


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Ініге ілтипат

(Нұрлан Оразалинге)
Тегің де таза, демің де таза о, бастан,
Куә-дүр оған қара жер мына көк аспан!
Жыр жиһаз мынау, драма анау қат-қабат,
Өз қатарыңнан ешкім де сенен жоқ асқан.
Тобырлар күндеп, құрыштай жүйкең жұқарса,
Жанар тау жырлар атылмақ ақын тұтанса!..
Бағдарыңды да, бақытыңды да барлаппын,
Айдалада Абылайды көрген Бұхарша!..
Қанатты ойлар халық қамымен үндесіп,
Шабыт құсыңа ашыпты құдай күнде есік! Аяп
та кетем Одақта жүрген кезіңді,
Жындыхананың директорындай күн кешіп!..
Сүтпенен біткен тұлғаңда мінез мәрмәрі,
Бозбола шақтан қыз-қырқындардың арманы!
Тарта бер өстіп, тардымды ойдың сардары,
Бойыңа құт боп қуаныштарыңның бәр-бәрі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу