Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.08.2022
511
Момышұлы
Бүркіттей сесті,
Бурадай сұсты түр - түсің,
Жайраңдап күлмей,
Сармойнақ бидей,
Жұртыңның жырттың жыртысын.
Ажалдай үстем,
Қатерлік үштен қаймықпай.
Барыңды салдың, жаныңды шалдың,
Ұлт үшін!
Басқұрдай бекем,
Қасқырдай қайсарағам -ай!
Атағың қалды,
Мақалың мәнді данадай. өңіңнен үскін,
Көзіңнен ұшқын көруші ем,
Тұлпарға қаққан,
Шағылдан шапқан
тағадай.
Нөсердей ойдың
Көсемдей толғап тұйінін,
Шытынап сыртың,
Бытырап мұртың,
Аяғындай бүйінің.
Қылыштай өткір,
Күмістей тазак үйінде,
Жасындай текті,
Басылмай кетті күйігің!
Қайыңдай тіп-тік,
Айымдай айқын қалпыңда,
Түс көріп жүрмін,
Тістеніп жүрмін… артыңда.
Халқың-дағы арман,
Салтыңда қалған мінездің
Куәгерімін,
Мұрагерімін, айырбастамас
Атбасындай алтынға!
2000 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter