Өлеңдер ✍️

  25.08.2022
  169


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Жамбыл мүсініне

Өзгерсе, жыл жылыстап, айлар қандай,
Түсініп тұрғандайсың қайран қалмай.
Көмескі құпия жоқ көріпкелге,
Білетін батылымен пайғамбардай.
Айтыста жібермейтін өзі намысын,
Қалпың бар мың құбылтқан сөз мәнісін.
Жұртыңның жоғын жоқтап қалдың ба екен,
Торығып, әлде неден тозбау үшін.
Таянып домбыраны мықыныңа,
Қазақтың үлгі шашсаң, тұқымына.
Жауабын күткендейсің қарсыластың,
Әдейі тие тұрып, қытығына.
Жөнімді білгеніңмен, сұрап жатпай,
Отырсың сөйлемейтін тұр аңғартпай!
Батаңды берер ме едің, алдиярым,
Қозғалып, сақал-мұртың құран қаптай!..
1996 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу