file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  25.08.2022
  162


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Жігіт болсаң…

Асылдың ғана тиеді асылға себі,
Егде тартса, әулие жасында сері.
Өтімді жерде отырса, өнердің пірі,
Дарындыны дарынсыз басынбас еді.
Биліктілер ұғынып адам мәнісін,
Реттеп жатса, заңымыз арамдар ісін…
Жерімдей жылжып, қоғам да қозғалар еді-ау,
Жасаттырмай айнала адалға қысым!
Жүдетпес еді жоқшылық алқымнан алып,
Шуламас енді жөн таппай, халқым да налып.
Жігіт болсаң, берген жөн уәдені,
Баяғының биіндей алтынға малып!



2000 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу