file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  25.08.2022
  118


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Кім үйреткен?

Қолдаушы ем нандай адал намыскерді,
Кім үйреткен ел тонар әдістерді?..
Теледен көзім шалып, жерге кірдім,
Басына байпақ киген «табыскерді».
Тұтанып, түңілткендей жұртыңдағы от,
Не сұмдық, мына сұмдық ұлтында жоқ?!
Артында біреу бар ғой табылатын,
Әңгіме тұйықталса, құлқынға кеп?..
Қазаққа қайдан жұққан бұл қаталдық?
Іс екен іздеу үшін түн қатарлық.
Халықтың қасіретін айта алмасақ,
Несіне қалам ұстар тұлға атандық?!
Санама сапырғанда әр елді мен,
Қынжылып, қытықтасаң, әрең күлем.
Қылмыс жоқ ашылмайтын, ашылады,
Жемтіктес болмаса егер заң орнымен.
Айтқаны баяғының ақыл-көмек,
Аяла аумағыңды, затыңды елеп!
Таласып табысына бейкүнәнің,
Кісі өлтірген кісіні ату керек!



1989 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу