file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  25.08.2022
  171


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Інілердің есіне

Пейілмен жаттамасаң, пенде сырын,
Қадайтын қаскүнем көп ерге сұғын.
Таңданба тобыр көрсең, құлагерден,
Қодығын оздыратын жерлесінің.
Жерлесінің білдірмей, елге сырын,
Дәміне дәніктірген бермесінің.
Әдейі қызықтай ма, қолдан жасап,
Дәлдір мен данышпанның белдесуін?!
Белдесуін, тілейтін теңдесуін,
Түсін көріп, түңілем өңгесінің!..
Дәлдір жығып, данышпан
тайып кетсе,
Ұғарсың кімнің кіммен селбесуін!..
Селбесуін, еркектің жеңгесуін,
Зертемесең, шықпайды дербес үнің.
Өксітсе, өнерліні қуанады,
Жадырап, жастанғанша жербесігін.
Жерібесігін ойлай ма
зердесі – құм?!
Өзінен салмағы ауыр кеудесінің.
Жамбы салған сандықтай тұрпатыма,
Тістеніп, көп қадады пенде сұғын…
Пенде сұғын қадаса, кең несібем,
Не айтсам да елеңдетті елді есімім.
Тарихы таланғанның тамтығымын,
Тек қана тілі менен бермес үнін.
Бермес үнін рас па, теңдес – інім?
Ер жігіт жасырмайды ерге сырын.
Ал мен бе, домбыраң сәл кеңкейгенде,
Жаңадан қосылатын пернесімін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу