file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  25.08.2022
  132


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Келемін

Әлі ұмтылып келемін, әлі ұмтылып,
Көргені жоқ жалғанда жаным тынып.
Жетем демей, жатам ба тепеңдемей,
Ауызда антқа жеген наным тұрып?!
Бетімді биіктерден көрсетермін,
Құрулы шымылдықтың бәрін түріп.
Әлі қақсап келемін, әлі қақсап,
Әрі жасқап, бастыны әрі бастап…
Жылағанды уатсам, жынды басып,
Күндемеппін ешкімнің бағын асқақ.
Шаршатпаса, болғаны пенделердің,
Судан тұнық көңілді тағы аластап!..
Әлі сеніп келемін, әлі сеніп,
Жабырқасам, жақсының жаны серік.
Жақұтымды жарғаққа балар ма екен,
Еті үйреніп кеткендер, намысы өліп?
Шын ақын атын айға жазады ғой,
Қалса да дүниенің шамы сөніп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу