file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  25.08.2022
  121


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Жолықтырма!

Жақсы жар, елге тәлім, ерге қанат,
Келіппін кендірді де зерге балап.
Сан рет сағым сынды дос алдында,
Өрге қарар шағымда жерге қарап.
Бұлақты бөгегендей кең арналы,
Жылжытпады, жетекке ере алмады.
Не жетер құтырғаннан құтылғанға,
Тірі жүрсем, орнына келер бәрі!
Жаны бар аспап едім, киелі ұнді,
Жоғалтты-ау, бітеу пенде тиегімді!
Екі дүние бейнетін бірдей тартып,
Қарсақ қажап жатқандай сүйегімді.
Азапты тірі көрер, өлген көрмей,
Өз үйім суық тартты төнген көрдей.
Өмірде қайтіп, қалай күн кешемін,
Үнемі өлген итті өңгергендей?!
Тәуекел, бастағы асыл миды алғанша,
Садақа, тірліктегі жиғанды алса!
Кещені күндер көріп қиналғанша,
Кетейін гитара ұстап сығандарша.
Түсінен дүниенің торықтым да,
Жыр төктім жапа – жалғыз қонып қырға.
Құдай-ау, хас өнердің ғашықтарын,
Мен көрген қасіретке жолықтырма!



1981 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу