Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.08.2022
112
Азаматпын
Құрышпын көрігіңде жалындаған,
Күміспін таралғыңа шабылмаған.
Мұңды-ақпын құлағыңа шалынбаған,
Қымбатпын базарына барылмаған.
Батылмын тағдырына табынбаған,
Ақынмын жұртына әлі танылмаған.
Қазақ-ақпын пиғылы тарылмаған,
Азаматпын қырсығы арылмаған!..
1972 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter