file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  25.08.2022
  131


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Антология ағаттығы

(Кінәлі кісілерге тие берсін!)
«Емілдің жатады елім есіне алып,
Көз жазса, ақынынан несі халық?!
Ұйқасы бұзылмайтын бүтін жырдың,
Бүлдірген ғой жартысын кесіп алып!..
Сөгеді оны тағы да есіне алып,
Ақынын жоқтамаса, несі халық?!
Тапалға теңегендей жырымды емес,
Тізеден аяғымды кесіп алып.
Қозғалса, мұның өзі асқынады,
Білмеген шығар, бәлкім, бастығы әлі!..
Арнайы Әділғазы Қайырбеков,
Ортан қолдай он өлең тапсырады.
Қастығын құзырлының кім біледі?..
Әлде бұл – оларға ортақ «үлгі ме» еді?..
Дірілдеп...ұстағаны бір-ақ өлең,
Оны-дағы бөлшектеп, бүлдіреді!..
Өзгенің көз жіберсек, іздеріне,
Көлем берген көбік сөз тізбегіне!..
Іші тар келіншектей, үйде отырған,
Тұзақ құрып келетін түздегіге!..
Тарайтып, жақсылықтың кең қақпасын,
Ондайға күнің түссе, неңді ақтасын?!
Буыны-ән, бунағы- күй бүтін жырды,
Көре алмаса, көзіне шел қаптасын!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу