file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  23.08.2022
  426


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Уа, дариға, вальс!

(әні бар)
Тұлпардай тұра алмайтын қиқу көрсе,
Теңіне телміргендер икімделсе.
Шебердей шеңбер сызу – рахат қой,
Әуенді тыңдай тұра, іркілгенше!
Толқытып, талықсытып, іліп-тартып,
Он көлбеп, отыз өрлеп, қырық қарпып.
Өлеңдей ұйқастырып, қияпатын,
Ойқастап, өршеленген білікті артық!
Жүзіндей қылпылдаған ұстараның,
Саралау топтан-топты кұш, қарағам!
Тотыны тамылжытса аққу демеп,
Буынға түсіргендей құстар әнін.
Сұлулық жетегіне биші көнер, Оны
тек ақын аңдап, күйші көрер!..
Қимылдан хикметті оқытатын,
Өзіңе не теңесер шіркін, өнер?!



2000 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу