Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.08.2022
80
Дала
Топырақ дей алмаймын теп-тең маған,
Ыстық қой кіндік қанды төккен далаң!
Бүрлесе бұрқыраған бөрте жусан,
Құлындай құтырынам көкке аунаған.
Көсіліп ұлан-асыр кеткен далам,
Ой келді өзіңдей кең көптен маған.
Томпайып әр төбеңде жатқан шығар,
Алысып албастыңмен өткен бабам.
Анамдай жібек желің өпкен далам,
Елестейсің ойға бір кеткенде адам.
Несіне жасырайын, сенен қымбат,
Табылмайды жер түгіл, көктен маған?!
Жаныма жыр тұқымын еккен далам,
Алыстау – құшағыңнан неткен жаман?!
Қасырдың қаңбағындай қаңғып жүр ғой,
Білімге кенезесі кепкен балаң.
1965 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter