Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.08.2022
106
Жайлау түні
Қатпарлы қара-ала бұлт сеңі,
Жасырса, жалаңаш ай жұзін.
Көлеңке жаныңды жапқандай,
Есіңе түсірер қайғы ізін…
Қоңыр түн самарқау мүлгиді,
Дірілдеп ұйыған қалпында.
Момақан киіз үй томсарып,
Жел табан жігіт тұр артында…
Көрші ауыл озаны шалғайдан,
Талықсып қалады естілмей.
Күйісін бағызор қайырып,
Қой жатыр дөңгелек көшкіндей.
Үңірейген қараңғы шатқалдан,
Сезді екен әлде не дауысын?
Бұйығы төбеттер жінігіп,
Жаңғырта жөнелді тау ішін.
1964 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter