file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  23.08.2022
  107


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Еміл

Атыңды естігенде «Еміл» деген,
Елең етіп, қайғыдан жеңілденем.
Кетпесем, желдей есіп жер түбіне,
Отыз өлең арнар ем кемінде мен.
Жылқың қайда, шұрқырап, тебіндеген,
Жүйрігің жоқ, дереннен жемін жеген?..
Түбегің тұяқтыны аңсаған ба,
Шалғыны дірілдейді желінбеген?..
Ұрынып не бір дүмше, не бір керең,
Бөгеген-ау, бетонды темірменен.
Аңғарың құлазиды арнаң олқы,
Сонда менің тынысым кеңір неден?!
Табиғат үйлесе ме жемірменен?!
Не қалды екен жемірлер кемірмеген?!
Саған да бір сұмдығын жасаған ба,
«Аралды» жұтып қойған шегір немең?..
Ауырды сараламай, жеңілменен,
Азапты аз көргем жоқ тегінде мен.
Ұзақ жыл хабарымды білмей қалдың,
Сүйектей жаназасыз кебіндеген.
Жетем деген жалғыз-ақ сенімменен,
Бөгеттің не түрінен шегінбеп ем.
Кеще көп маған да сан қақпан құрып,
Пәлесін табаныма желімдеген…
Соларды жазамын да көңілденем,
Алыста әзілдесіп, өлімменен…
Толқиды тоқтаудағы айдынындай,
Көп өлең көңілдегі төгілмеген…
Кеш біліп, туатынын ненің-неден,
Жанардан жас қайнады-ау, телімдеген.
Жөңкіл бері, жөргекті жуған өзен,
Алатының көп әлі сенің менен!..


 


1990 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу